«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
3. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
4. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
5. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
6. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
7. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
8. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
9. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
10. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
11. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
12. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
13. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
14. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға