Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жолдау 2017

Автор: admin от 13-02-2017, 09:55, посмотрело: 766

8

Категория: Мектеп

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 15-05-2016, 00:01, посмотрело: 1447

0

 

Мектеп тарихы

 

А. Рудаки атындағы жалпы орта мектебінің ашылуы осы Мырзашөл өңірінің игеріліп, Киров атындағы канал қазылып, өңірге су келуімен тікелей байланысты, Бұл 1952 жыл еді. Ақтөбе облысы Шалқар ауданынан келген (көшірілген) дихан, шаруалар ең алғашқы тың игерушілер болды. Олардың балаларына арнап алғашқы бастауыш сыныптар 1954 жылы ашылып, 1956 жылы жеті жылдық мектепке айналды, «Коммунизм» атындағы жеті жылдық мектебі болып аталды. Өйткені ұйымдасқан алғашқы (колхоз) ұжымшар осылай аталатын еді.

Алғашқы директор болып, Қожа Сағынтаев аға бекітілді. Бастауыш сынып мұғалимасы: П.Қолдабаева, математика пән мұғалімі: Дандаев А, география пәні мұғалімі К.Қолдабаев, тарих пәні мұғалімі Н.Шалысбаев, өзбек сыныбында еңбек еткен А.Хаджиев, С.Мәметов, Н.Сапаровтарды құрметпен еске аламыз. Өткен 50 жылда Қ.Сағынтаевтан кейін А.Хаджиев, Қ.Спатаев, Н.Сапаров, Ж.Қасимов, Қ.Қошаров, А.Садыков, М.Балиев, Р.Ақшораев, А.Завкиев, К.Кумисбаев мектеп директорлары болып қызмет атқарған. Олар ұзақ жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан. Мектебіміз үш тілде сабақ жүргізілетін жалғыз мектеп еді. 2012 жылы соңғы өзбек тілді сынып түлектері мектепті аяқтап, бүгінгі таңда мектебіміз екі тілді мектеп саналады.

Айта кететін жайт, бұл жылы алғашқы тәжік тілді сынып түлектері мектеп қабырғасымен қоштасады. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде дәріс өткен, осы мектепті бітіріп зейнеткерлікке щыққан Сафарова Б, Бабаева Р, Ташева А, Масалиева А апайлар мен қоса көрші Тәжікістан Республикасынан қоныс аударып келген Музапарова М, Кумисбаев Р, Кумисбаева Ж, Тулявова Ф, сияқты білікті мамандар қажырлы еңбек етті.

2015 жылдың 16 – сәуірінде жаңа типтік мектеп пайдалануға тапсырылды.

Осы жарты ғасырлық ғұмырында көрнекті ақын, облыс, ауыл депутаттары, айтулы азаматтар шыққан ұжым болған. Олар: қазіргі таңда бүкіл қазақ мақтан етер айтулы ақын Ысырайыл Сапарбаев біздің сол кездегі «7 жылдық» білім ошағының түлегі. Обылыстық, аудандық, ауылдық кеңес депутаты болған Жұмагүл Юлдашева апамыз есімі ел аузында сақталуда. Көрші Өзбекстан Республикасында әр түрлі салада еңбегімен көзге түскен азаматтар баршылық.

2014 жылдың қазан айының 9-шы күні Досқанаев Алдаберген Жүсіпұлы директор қызметіне тағайындалды. Қазіргі таңда осы мектептің ұжым жетекшілігін қолына алып, жемісті еңбек етіп, жас жеткеншектерге тәлім-тәрбие беріп, білікті де сапалы білім беруді насихаттап келеді.

Мектепті «үздік аттестатпен» бітірген: Бейсенова Айнур мен Исаева Әмина жоғары оқу орнын бітіріп, өмірден өз орындарын тапты. Мектеп ауданындағы санаулы «аз комплектілі» білім ошағы екндігіне қарамай ҰБТ сынағында жақсы көрсеткішке ие болды. Екі оқушымыз грант иесі атанып, бірі Беганова Маржан Алматыдағы қыздар педагогикалық университетінде білім алса, екіншісі Қозыбағаров Серік С.Аспендияров атындағы Алматы медакадемиясының студенті. Серік шәкіртіміз 2009-2010 оқу жылында ҰБТ-дан 121 балл алып мектеп абыройын көтерді. Өткен 2009-2010 оқу жылындағы орта балл 95,5% болды. 2012-2013 оқу жылында ҰБТ дан жоғары бал жинап Темиров Сарсенбай Ырсалыұлы Қарағанды медакадемияға грантпен және Рахат Ербол Құттымуратұлы Астана медакадемияға грантпен оқуға түсті.

2011 жылдың мамыр айындағы облыстық білім беру департементінің бастамасымен өткізілген әдістемелік тексеру және көмек көрсету барысында мектебіміздегі жалпы іс-шараларға оң баға берілді. Бұл, әрине, ұжым еңбегінің өтеуі.

Метебімізде барлық пәндерден жоғары білімді педагог кадрлар еңбек етуде. Жақсы нәтижелерді көрсеткен Т.Наврузов, С.Уразбаев, Х.Нуров, С.Сарыбасова, Б.Хамдамов, Қ.Кузбакаров, Г.Бабаева, А.Бейсенова, Н.Абдиев сияқты педагогтар ата-аналар мен оқушылар алғысын алып жүр.

Ағылшын тілі пән мұғалімі Қ. Кузбакаров Қазақстан Республикасы Ұлттық Тестілеу Орталығының сарапшысы ретынде Астана қаласына жіберіліп турады.

Әр жылдары мектеп оқушылары табысты нәтижелерге қол жеткізуде: тәжік тілі, ағылшын тілі пән олимпиадаларың өңірлік және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздарі Ильясова Дилдора, Еренбай Зарина, Хайрулла Балқия, физика пәнінен Маликов Хавасбек, биология пәнінен Айтмаханбетқызы Айгул аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Мектептің ашылу салтанаты



 

 
 

Абу Абдулло Рудакидің өмірбаяны

 

 

 

 

 Абу Абдулло Рудаки – тәжік классикалық әдебиетінің негізін қалаушысы, қоғам қайраткері 858 – 943 жылдар аралығында өмір сұрген. А.Рудаки IX-X ғасырларда үлкен шығармашылық табыстарға ие болды, оның 2,5 милионнан аса өлен жолдары мұра қалдырылған. Патша сарайының ақыны ретінде қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор үлесін қосқан.

БҰҰ-да 2008 жыл Рудакидың 1550 жылдығы атап өтілді. Көрші Тәжикистан Республыкасында А.Рудаки атымен аудан, қала, ұжымшарлар, көшелер, мектептер аталған. Сонымен қатар А.Рудаки атындағы мемлекеттік наградалар және мемлекеттік гранттар тағайындалған.

 

 


  

 

 

 

Жылдар бойы мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге


қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет

 

 Мектеп ауылдық жерде орналасқанына байланысты көптеген түлектер өз өмірін жермен, егін және мал шаруашылығымен байланыстырған.

Дегенмен, 54 жыл бойы 1000-ға жуық мектеп түлектер арасында мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге қол жеткізген түлектер баршылық.

Бастапқыда біздің 7-жылдық қазақ мектебінде

Қазақстан халық ақыны Ысрайыл Сапарбаев білім алған. Одан бері келе ауданымызда танымал кәсіпкер Спатаев Жүніс, Қ.Р Білім беру үздігі Устимиров Сапар,

мектеп директоры Кушаров Қазақбай, экономист Кушаров Аманбай, мектеп директоры Садыков Жақсылық (Нұрлы жол ЖОМ) инженер Бобоев Амонмурат, агроном

Ташев Қыранбай, Мектеп директоры орынбасары Нуров Хамрокул, Өзбекстан Республикасының Футбол федерациясы төрешілер коллегиясы мүшесі, Халықаралық дәрежедегі фудбол төрешісі, Ауған соғысының ардагері Юлдашов Қахрамон, ОҚО әйгілі термеші Спатаев Жакып, дәрігер-хирург Устемирова Ақерке, дәрігер- терапевт Қамбарбекова Ұлбала, мұғалімдер-30 адам

Сонғы мектеп түлектерден ҰБТ-да 121 ұпай жинаған Қозыбағар Серік

Алматы мед академиясының студенті, оқу гранты жеңімпаздары шет тілі мамандығы бойынша: Бейсенова Жансая, Темирова Нұрсәуле, Қаржаубаева Әсел.

Мед иниститут грант иегерлері Рахат Ербол, Козыбакар Айжан, Темиров Сарсен сияқты түлектерді мақтаныш тұтамыз.

Тәжік ұлтынан Туркменов Құдайберган мед колледжге грантпен оқуға түсіп, өзнің қазақ тілін жетік менгергені арқасында Жетісай жастар диспут Клуб төрағасы болып сайланды

Оқуды үздік бітірісімен Семейде өткен Республикалық сайыста ІІІ- орынды иеленіп, Астана қаласына жұмысқа шақырылды.

Қазір сол жерде Жедел жәрдем орталығында жұмыс істеп жатыр.

Категория: Мектеп